сайтқа кіру

 

Директор блогы


Блог директора

Сілтемелер

Хабарландыру

Ауа-райы болжамы

"Жас ұлан" ұйымы

E-mail Печать

 

«Жасұлан» оқушылардың өзін- өзі басқару ұйымы

Maқcaты - оқушылардың iс-әрекетiн мектептегi тәрбие жұмысына үйлестiре бағыттау арқылы олардың белсендiлiгi мен қарым - қатынас мәдениетiн жан - жақты дамыту, азаматтық тұлғасын қалыптастыру.
Мiндетi - мемлекеттiң бүгiнi мен ертеңiне жауап беретiн  азамат   eкенін таныту;
-қоғамдық, көпшiлiк жұмыстарға  тарту арқылы  бала ойындағы мүмкiндiктердi ашу;
-отанын қорғауға  дайындық.
-саналы бiлiм алуын қалыптастыру;
-жолдастарын, достарын қадiрлеуге үйрету;  
-ұлттық рухты бойына сiңiрген, елжанды, отансүйгіш азаматтың «мен» тұлғасын қалыптастыру.
 
 
 

 
         Мектебімізде «Атамекен» ордасының «Әлкей Марғұлан» оқушылар ұйымына қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. 

 Мектептің туы енгізіліп, ҚР әнұраны орындалған соң әрбір топ салтанатты жиынға даярлығы жөнінде мәлімет берді.
 «Атамекен» ордасының мүшелігіне қабылданған топтарға қазақ халқының ірі тұлғаларының есімдері берілді.
 5 «А» сыныбы-Ақселеу Сейдімбек
 5 «Ә» сыныбы- Тоқтар Әубәкіров
 5 «Б» сыныбы- Шоқан Уәлиханов
 5 «В» сыныбы- Қасым Қайсенов
 5 «Г» сыныбы- Қайрат Рысқұлбеков
 5 «Д» сыныбы- Қаныш Сәтбаев атындағы топтарға бөлінді.
Әр сынып оқушылары туған жерін, елін, салт-дәстүрін, тарихын, ана тілін қастерлеуге, парасатты, білімді, қайратты, инабатты, нағыз азамат болуға ант берді.
Мектеп директоры Ербол Ісләмұлы жас жеткіншектерді құттықтап, аталған топ аттары еліміздің ірі тұлғаларының атымен аталып отыр, ел болашағы үшін ерінбей еңбек еткен ағаларындай білімді, қайтпас қайсар, адамгершілігі мол азамат болып өсулеріне тілектестігін білдірді.
 
                                                 ***
19 қазан күні «Жасұлан» оқушылар ұйымының есеп-беру, құрамын қайта
сайлау жиналысы өтті. Онда 2008-2009 оқу жылындағы «Жасұлан» оқушылар ұйымының жыл бойы атқарған жұмысы жөнінде «Жасұлан» оқушылар ұйымының төрайымы Мастеева Салтанат есебін берді. Биылғы оқу жылына «Жасұлан» оқушылар ұйымының құрамы қайта сайланып, төрайымы болып Жақсылық Айжан тағайындалды.